Перейти на нормальную версию Язык: 

Астана 20

Опрос

Как вы оцениваете работу ГУ?

Отлично - 10%
Хорошо - 20%
Удовлетворительно - 40%
Не удовлетворительно - 30%

Total votes: 10
The voting for this poll has ended on: 22 Июнь 2015 - 09:16

Архив новостей

<< < Февраль 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

Счетчик посещений

Сегодня
Вчера
За все время
9895
11867
9544368

Akorda.KZ

pic26500

Послание Президента

Блог руководителя

ЫСКАК Бауыржан Ербозымович

Биография руководителя

Задать вопрос

Единый медицинский информационный Call-Центр

Call Center

Управление Здравохранение Алматинской области

8 (7282) 41 12 12

Қышыма, дерматомикоз аурулары қалай таралады?

Ж.Б.Толқынбеков

ШЖҚ "Талдықорған тері-венерологиялық диспансері" МКК емхана бөлімінің меңгерушісі

Тері жұқпалы ауруларының бірі қышыма қотыр (чесотка). Оны қышыма қотыр кенесі таратады. Қоздырғыш адамның терісіне жұққан сәтен-ақ өзіне "жайлы орын" жасай бастайды. Ұрғашысы адамның терісіне енгеннен кейін жылдам көбейеді, яғни теріге жұмыртқа салады.

 Бірер күннен кейін онысы құртқа айналып, бір аптадан соң ересек қотыр кенелері пайда болады. Демек, қышыма кене адам үшін өте қауіпті жәндік. Оның молшері 0,2-0,5миллиметірден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма қотыр адамнан адамға жылдам жұғады. Әсіресе отбасы мүшелеріне тез тарайды. Яғни қышымамен ауырған адаммен тікелей қарым қатынаста болғанда, сондай-ақ олардың пайдаланған төсек орындарын, іш киімдерін, киім-кешектерін, сүртінетін орамалдарын, жөкелерін басқа да заттарын пайдаланғаннан жұғады. Сондықтан тиісті тазалық талаптарын сақтау қажет.

Қышыма адамға үй жануарларынан жұғуы да мүмкін. Қышыма кене мал денесіне де жайылып, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Сондай-ақ тазалық індет тәртібін сақтамаған жағдайда қышыманы моншадан, душтан, жатаханадан, пойыздан, қонақ үйлерден яғни, кез келген жерлерден жұқтырып алуыңыз мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі 7 күннен 10 күнге дейін кейде 1,5 айға дейін созылуы мүмкін.

Эпидемиологиялық тексеру нәтижелеріне қарағанда қышымамен әлеуметтік жайсыз және тұрмысы нашар отбасындағы адамдар жиі ауыратын көрінеді. Қышыма жұқтырған адамдардың ең көп саны мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында жаңа ұжымдар құрылғанда, яғни күзгі-қысқы уақыттарда тіркеледі. Соңғы кездері қышыма қотырдың қатты қышып адамның мазасын алмайтын, бөрткені де қаптап шықпайтын жеңіл түрі жиі кездеседі. Қышыманың бұл түріне беті қабыршықтанған бірлі-жарамды ғана бөрткендер кездеседі.

Белгілері:

      Қол саусақтар арасында, кеуде мен іштің, санның, аяқтың терісінде бөртпелер және қышыма пайда болады.

      Қышыма қотыр жұқтырған адамның денесінің кей түсі бой бермей қышып, әсіресе түнде маза бермейді.

Теріні үнемі қасығанда оған микроптар түсіп, қышымаға терін іріңді жұқпасы қосылып, ауру әрі қарай асқынып кетеді.

Денесін түрлі көпіршіктер, қанды қабыршықтар, тырнақ ізі басады. Мұндай жағдай аяқ-қолдың, буын бүгілістерінен саусақ аралықтарын тіпті тұла-бойдан да байқалады.

Адам денесінде қотырдың ізі қалып, ұсақ бөртпелердің көбейіп кетуі,қышыманың орны ақшыл-сұрғылт жолақтанып ине ұшының ізіндей болады, ізі тура сызықтай болмай ирелеңкіреп бір-біріне қатарласа түскен үтір сияқтанып жатады.

Қышыманың бөрткені балалардың алақаны мен саусақтарының арасында , қарнына, шынтақтың бүгілетін тері қатпарына, балтырына өкшесіне табанның ішкі жағына, құйрығына, иығына, беті және басына шығады. Емшек жасындағы сәбилердің көбінесе алақаны мен құйрығының ұшына беттеріне шығуы мүмкін.

Тері ауруларының белгісі байқала саласымен дер кезінде көрініп нәтижелі ем қабылдау керек. Қышымаға қарсы арнаулы емді тері ауруының дәрігері ғана жүргізеді. Ауырған адам өзін емдеуге болмайды, ең бастысы науқас тұтынған заттардағы паразиттердің көзін жою керек. Қотыры бар адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделмесе, ол созылмалы ауруға айналады. Қотыр әсіресе кешке қарай жылы киінген кезде қатты қышиды. Қышынған адам денесін қасып қанатып алады. Ал қышыған жері асқынып іріңдейді.

Дерматомикоздар – теріде  саңырауқұлақтық қоздырғыш тудыратын жұқпа кеселі. Бұл кесел  негізінен тері мен шашты, тырнақты және басқа ағзалармен мен тіндерді зақымдайды. Тері саңырауқұлақтардың негізгі қоректену ортасы – адам және жануар. Олар өмірге қажетті қоректену заттарын эпидермиттен, шаштан тырнақтан және майлы теріден табады. Саңырауқұлақтар адамның немесе жануарлардың ағзасынан тыс жерде өмір сүруге қабылетті. Оған қоса өзінің жұғымтал қасиетін бірнеше жылдар бойы сақтай алады. Сол себепті жұғу тек ауру адамнан ғана емес, сонымен қатар тікелей емес жолмен құрамында саңырауқұлақ элементі бар

-қабыршақ, тырнақ қалдықтары немесе шаш сынықтарымен арқылы да тұрмыстық жағдайда жұғуы мүмкін.

Дерматомикоздын жасырын (инкубациялық кезеңі) түрде алғашқы сатысынан бірінші симтомын пайда болуына дейінгі кезеңі орта есеппен 8-14 күнді, кейде бір айды құрайды.

Қышыма, дерматомикоз сырқаттанушылығын жұқтырмау үшін мынадай қарапайым жалпы гигиеналық ережелерді орындау қажет:

-әрбір 5-6 күн аралығында моншаға түсіп жуынып отыру керек;

-іш киімдерді және төсек жаймаларын жиі-жиі ауыстырып, оларды жуып, үтіктеп отырған дұрыс;

-әр адамның жеке сүлгісі және басқа да тұтыну заттары болған жөн;

-үйге келген соң міндетті түрде қолды сабындап жуу қажет;

-жаңадан сатып алған киім-кешекті, іш киімді және төсек жаймаларын міндетті түрде үтіктеген жөн;

- жан –жануарлармен қарым-қатынаста болғаннан соң қолды мұқият сабындап жуу қажет;

-сау адамдарды, аурудан (баланы, балабақшаға, не мектепке баруды тоқтату) оқшаулау. Өйткені қоршаған ортаға ол аса жұқпалы ауру болып табылады;

-дененің басқа бөлімдерініңзақымданбауы үшін, ошақты сулауға, ванна не душ қабылдауға болмайды;

-өздігімен теріні (түрлі маймен, кремдермен немесе басқа да заттармен жағуға)емдеуге болмайды, себебі микроскопиялық талдауда (саңырауқұлақшаға қырнау) дұрыс қорытынды бермейді. Егер өздігімен емделген жағдайда, майды немесе кремді сабынмен жуып, не спиртпен сүртіп, алдыңғы 3-4 күн ішінде ошақты суламай, ештеңе жақпай, бірден дермотолог дәрігеріне көрінген жөн;

-қышыма, дерматомикоз ауруына сәл күдіктенгенде дереу МКҚК "Тері-венерологиялық диспансері"  емханасына көріну қажет;

Дәрігерге ерте қаралу – айналасындағы адамдарға қышыманың таралмауын және одан тез сауығуын  қамтамасыз етеді.

Өз денсаулығыңызға  және балаңыздың денсаулығына мұқият болыңыздар!

 

Ж.Б.Толқынбеков

ШЖҚ "Талдықорған тері-венерологиялық диспансері"

МКК емхана бөлімінің меңгерушісі

Система Orphus