Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Денсаулық сақтау басқармасы ақпараттандырады:

Астана 20

Сауалнама

ММ жұмысын қалай бағалайсыз

Өте жақсы - 0%
Жақсы - 0%
Қанағаттандырарлық - 0%
Қанағаттандырарлықсыз - 0%

Total votes: 0
The voting for this poll has ended on: 22 Маус 2015 - 09:59

Жаңалықтар мұрағаты

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
2382
18274
10280728

Akorda.KZ

pic26500

ҚР Президентінің Жолдауы

Басқарма блогы

ЫСҚАҚ Бауыржан Ербозымұлы

Өмірбаяны

Сұрақ қою

Единый медицинский информационный Call-Центр

Call Center

Управление Здравохранение Алматинской области

8 (7282) 41 12 12

Вакцинация

Вакцинациядеген не және ол не үшін қажет?

Вакцинациялау дегенді барлық ата-аналар біледі, бірақ көп ата-анада балаға  екпе салдырар алдында күмән пайда болатыны ешкімге жасырын емес. Бұл таңқаларлық жағдай емес, себебі қазір балаларды екпе арқылы қорғап жүрген ауруларды кезіктіргендер көп емес.

Бұдан 30-40 жыл бұрын ата-аналарға қызылша мен дифтерия аурулары қаншалықты қауіпті екендігін ата-анаға түсіндірудің қажеті болмаған, себебі аталған инфекциялардан балалардың арасында өлім жағдайының тіркелуі жеткілікті болатын. Ал көкжөтелдің жөтелі кез келген қала немесе ауылдың ауласынан естілетін.  Полиомиелит ауруының қорқынышы, жіті параличтің дамуынан бала ертеңгісін аяғын баса алмай қалу зардабымен байланысты. Дүниежүзінде белсенді түрде екпе егілді, дамыған мемлекеттерде балада екпенің болмауы ата-анасының бала денсаулығына дұрыс қамқор жасамағаны деп есептеледі.  

БІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ – бұл инфекциялар қаупіНІҢ БОЛМАУЫ – БҰҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕКПЕЛЕРДІҢ КЕҢІНЕН ЖҮРГІЗІЛУІ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН! 

Қазақстан Республикасында өзінің бекітілген екпелер күнтізбесі және тұрғындар егілетін жұқпалы аурулар тізімі бар. Вакцинация біздің елімізде 60 жыл бойына сәтті жүргізіліп келеді және бірінші кезекте балаларды зақымдайтын, асқынулар мен өлім жағдайымен өтетін ауыр ағымды ауруларға бағытталған!

Егу күнтүзбесіне сәйкес егілу қажет аурулар:

      Туберкулез – 1-4 күндері,  6 жасында (1сынып)

      Дифтерия, сіреспе және көкжөтел– 2, 3, 4 және 18 айлығында. Кейін дифтерияға қарсы 6, 16 жаста және ересектерге әр 10 жыл сайын.

      «А» типті гемофильдік таяқшаларымен  берілетін аурулар - 2, 3, 4 және18 айларында.

      Полиомиелит –  2, 3, 4, 12-15, 18 айларында.

      Қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит – 1 және 6 жас.

      Гепатит «В» - 0-1 күндері, 2 және 4 айлығында.

      Пневмококк жұқпасы – 2, 4 және 12-15 айлығында.

Вакцинаадамды оған қауіпті жұқпалы аурулардан сақтайды, вакцина - қауіпсіз,  вакцина - адам өлтірмейді, оның тек денсаулығын емес, сонымен бірге жанұяның бюджетін сақтайды.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ӨЗ ҚОЛДАРЫҢЫЗДА! БАЛАҢЫЗҒА УАҚЫТЫЛЫ ЕКПЕ АЛУҒА ЖӘНЕ  ЕЛІМІЗДІҢ ДЕНІ САУ АЗАМАТЫ БОЛЫП ӨСУІНЕ КОМЕКТЕСІҢІЗ!

 

 

Қызылшаға қарсы қосымша иммундау

         Қызылша – вирусты, жұқпалы сырқаттанушылық. Қызылшаның белгілері -  бөртпе, жөтел, мұрыннан су ағу, дене қызуының көтерілуі және көздің шырышты қабығының тітіркенуі. Ауру асқынулармен: өкпенің, құлақтың ортаңғы бөлігінің қабынуы, тырысулар, орталық жүйке жүйелерінің бұзылыстарымен қауіпті. Кез-келген асқынудан адам өліп қалуы мүмкін. Қызылша вирусы науқас адамнан сау адамға сөйлескен кезде ауа – тамшы арқылы оңай беріледі.  

 

ВАКЦИНАЦИЯ – бұл қызылшадан қорғанудың жалғыз жолы

 

КІМ?

 

Қызылшаға қарсы бұрын екпе алғанына қарамастан вакцинаға қарсы көрсетілімдері болмаса 15-19 жас аралығындағы адамдар егілуге жатады.

 

ҚАШАН?

 

2015 жылдың 1 қазанынан бастап

 

ҚАЛАЙ?

 

Бір рет иыққа тері астына қызылшаға қарсы вакцинамен инъекция жасалады. 

 

Вакцина қауіпсіз және тиімді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған.

 

ҚАЙДА?

 

       Ауылдық, аудандық, қалалық амбулатория және емханаларда, мектеп, колледж, лицей, жоғары оқу орындарының егу пункттерінде.

Вакцинация туралы қосымша ақпаратты Сіздің аумақтық емханадан, Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 30-91-13, 30-94-04 және Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының 39-50-74, 40-00-64 сенім телефондары немесе www.zdrav.zhetysu-gov.kz электрондық мекен жайдан біле аласыз.

 

ВАКЦИНАЦИЯ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ!

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГІҢІЗДЕР, БҰЛ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ!!!

 

 

Система Orphus