Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Денсаулық сақтау басқармасы ақпараттандырады:

Астана 20

Сауалнама

ММ жұмысын қалай бағалайсыз

Өте жақсы - 0%
Жақсы - 0%
Қанағаттандырарлық - 0%
Қанағаттандырарлықсыз - 0%

Total votes: 0
The voting for this poll has ended on: 22 Маус 2015 - 09:59

Жаңалықтар мұрағаты

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
3096
18274
10281442

Akorda.KZ

pic26500

ҚР Президентінің Жолдауы

Басқарма блогы

ЫСҚАҚ Бауыржан Ербозымұлы

Өмірбаяны

Сұрақ қою

Единый медицинский информационный Call-Центр

Call Center

Управление Здравохранение Алматинской области

8 (7282) 41 12 12

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

 

 

                                                                                                                Алматы  облысы әкімдігінің

                                                                                                     2013 ж. «28»    қаңтар 

                                                                                                                №17   қаулысына  қосымша

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

          1..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұрғындарды медициналық қызметпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік басқару қызметіне және облыстың денсаулық сақтау жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

2..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары  жоқ.

3..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы заңдарына және Конституциясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, облыс әкімінің және әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде аталуы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

5..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзырындағы мәселелер бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

          8..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

 9..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,  Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, 87, индексі: 040000.

          10. Басқарманың толық аталуы:

мемлекеттік тілде:

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде:

государственное учреждение «Управление здравоохранения Алматинской области».

 «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қысқартылған аталуы:

мемлекеттік тілде:

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ;

орыс тілінде:

ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области».

11..Осы Ереже «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына заңнамалық актілермен әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

        

 

2. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі мақсаттары, қызметі,

құқықтары мен міндеттері

 

14..«Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

«Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Алматы облысы азаматтарының денсаулығын тиімді мемлекеттік саясат құру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында салааралық үйлестіруді және қызметті ұсынуды мемлекеттік реттеуді іске асыру жолымен жақсарту болып табылады.

15. Міндеттері:

     1).денсаулық сақтау, медицина ғылымы және білімі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

         2).денсаулық сақтау, медицина ғылымы және білімі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын қамтамасыз ету;   

         3).азаматтарды кепілді көлемде тегін медициналық көмек шеңберінде медициналық көмекпен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету;

         4).денсаулық сақтау субъектілерінің қызметінің мониторингісі мен бақылауды ұйымдастыру және іске асыру;

         5) денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметін іске асыру;

          6).Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен кепілді көлемде тегін медициналық көмек көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды іске асыру;

         7).денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

         8).мекемеге қарасты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кәсіптік біліктілікке аттестаттаудан өткізу;

         9) мемлекеттік медициналық ұйымдарды жабдықтауды қамтамасыз ету;

          10).денсаулық сақтау саласында өңірлік ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді құруды және олардың қызметін, оның ішінде дәрілік заттарды басқаруды қамтамасыз ету;

          11).жоғарғы және орта медициналық оқу орындары үшін жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық базалар беру;

          12).төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмекпен,  дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

          13) медициналық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;

         .14).тұрғындардың гигиеналық оқуын және тәрбиесін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау;

       .15).тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасына қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпараттандыру;

          16) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жұмыс істеу;

         .17) Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық актілерімен регламенттелген басқа да міндеттерді орындау.     

         .16. Қызметі:

         1) мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша денсаулық қорғау саласында өкілеттік орталық атқарушы органмен бірлесіп жұмыс істейді;

         2).Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы белгіленген мерзімдерде нақты шаралар жүргізу жолымен денсаулық сақтау жүйесін  дамытуға қатысты мәселелер бойынша облыс аумағында әкімнің, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің басқарушы орынбасарының тапсырмаларын іске асырады;

          3) Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы облыс әкіміне және облыс әкімінің басқарушы орынбасарына денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары бойынша облыстық мәслихат бекіткен денсаулық сақтауды дамытудың қолданыстағы  мемлекеттік бағдарламасын, өңірлік бағдарламаларды орындау және денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері (аурушаңдық, өлім-жітім, тұрғындардың табиғи өсімі және т.б.), сонымен қатар, облыстың денсаулық сақтау стандарттарын орындау бойынша қызметтік хат, хаттар, ақпараттар түрінде есеп береді;

         4).Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы облыстың денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау бойынша шараларды жақсарту, материалдық-техникалық базаны дамыту және әлеуметтік маңызы бар аурулар (туберкулез, жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар, онкология, қант диабеті және т.б.) бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде облыс әкіміне және облыс әкімінің басқарушы орынбасарына ұсыныс енгізеді;

          5).бюджетті, облыстың медициналық ұйымдарында бюджеттік қаржылардың мақсатты пайдаланылуын талдау және бақылау жолымен облыстың денсаулық сақтау жүйесінің бюджеттік бағдарламаларын   қаржыландыруды және басқаруды жоспарлайды;

          6).облыстың денсаулық сақтау нысандары бойынша құрылысты, қайта жаңғыртуды жүргізеді және жобалау-сметалық құжаттамаларды  дайындауды қамтамасыз етеді;

          7).облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік медициналық ұйымдардың қызметіне талдау жүргізеді;

          8).облыс тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету мәселелерінде облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен бірлескен жұмысты іске асырады;

          9) дәрілік заттармен қамтамасыз етуге және оларды алуға талдау жүргізу жолымен тұрғындардың жеке санаттарына тегін және жеңілдікті түрде дәрілік заттарды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен және нормалар бойынша арнайы балалар тағамдарын және  емдік тағамдарды жіберу үшін дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органмен бірлескен жұмысты іске асырады;

         10) облыста санитарлық авиацияны ұйымдастырады және оның қызметін қамтамасыз етеді;

         11).мекемеге қарасты денсаулық сақтау ұйымдарын қанмен, оның компоненттерімен және препараттарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

         12) медициналық кадрларды, денсаулық сақтау қызметкерлерінің басқа да санаттарын тиімді пайдалануға талдау жүргізеді;

         13) медициналық кадрларға аттестаттау жүргізуді немесе оған қатысуды іске асырады;

         14) тұрғындарды, денсаулық сақтау ұйымдарын және басқа ұйымдарды дәрілік заттар және оларды қолдану ережелері, жұмысы, санитария және гигиена пәндері, таңу материалдары және медициналық мақсаттағы бұйымдар; олардың дәріханаларда болуы туралы ақпараттандыруды іске асырады және жұмысты үйлестіреді;

         15).заңда белгіленген тәртіппен медициналық дәрігерлік қызметке лицензиялау жүргізеді;

         16) тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері бойынша медициналық қызметкерлер үшін әдістемелік ұсыныстарды дайындауды ұйымдастырады немесе қатысады;  

         17).жақын және алыс шетел мемлекеттерінің және Қазақстан Республикасының өңірлерімен келісім жасау жолымен денсаулық сақтау саласында салааралық және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға және дамытуға қатысады, ынтымақтастықтың негізгі басым бағыттарын және болатын әріптестерді анықтайды;

         18).акционерлік қоғамдардың  мемлекеттік акциялар пакетіне және  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі  үлестерге ие болу және пайдалану құқығын іске асырады;

19).денсаулық сақтау саласындағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарын және олардың орындалуы бойынша есептерді қарап, келіседі және бекітеді;

20).денсаулық сақтау саласындағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылауға алған акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын бақылауды және талдауды іске асырады;

21) денсаулық сақтау саласындағы облыстық коммуналдық кәсіпорындар мен денсаулық сақтау мекемелерінің жылдық қаржылық есептемесін және қаржыландыру жопарларын бекітеді;

22).облыстық денсаулық сақтау коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының өндіретін тауарларына (жұмыстар, қызметтер) бағаларды белгілеу;

23).денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық кәсіпорындардың филиалдары мен өкілдіктерін құруға келісім береді;

24).денсаулық сақтау саласының облыстық заңды тұлғаларын қайта құруды және таратуды іске асырады;

25).Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының құзырына кіретін басқа да қызметтерді орындайды.

          17. Құқықтары мен міндеттері:

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы  құқылы:

         1).денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша аппараттық кеңестерге, облыс әкімдігінің алқа мәжілістеріне, облыстық мәслихат сессияларына қарауға ұсыныстар енгізуге;

2).азаматтардың денсаулығын қорғау саласында құзырлы орталық атқарушы органның жобаларын, қаулыларын талқылауға қатысуға;  

3).қажет болғанда денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесінің мүдделерін қорғауға қатысуға;

4).міндеттер мен қызметтерді іске асыру үшін, мемлекеттік басқару органдарымен бірлесіп жұмыс істеуге;

5).мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан өз қызметтерін орындау үшін, қажетті ақпаратты сұрауға және алуға; сонымен қатар олардың құзырына кіретін сұралған мәселелер бойынша оларға жедел ақпарат беруге; аналитикалық сипаттағы және қызметте қолдану үшін, ақпарат облыс әкімінің басқарушы орынбасарының келісімі бойынша беруге;

6) меншік  түрлеріне қарамастан өз құзыры шегінде олардың қызметін регламенттейтін және сипаттайтын қажетті ақпаратты медициналық ұйымдардан талап етуге;

7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттікті іске асыруға.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заң талаптарын және облыс әкімінің облыс аумағындағы денсаулық сақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға;

2) меншік түрлеріне қарамастан медициналық ұйымдар іске асыратын тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ, оның сапасы мен тиімділігі үшін;

3)..облыстың медициналық ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің жағдайына;

4) жергілікті өкілеттік және атқарушы билік органдарды, сонымен қатар денсаулық қорғау саласындағы өкілеттік орталық атқарушы органды  денсаулық сақтау мәселелері мен сұрақтары бойынша ақпараттық қамтамасыз етуге міндетті.

 

 

3. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

18..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы іске асырады.

19..«Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қызметіне облыс әкімі орынбасарының ұсынуымен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20..«Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары бар, олар өз қызметіне Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тағайындалады және босатылады.

21..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1).өз орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелердің басшыларының міндеттерін айқындайды;

2) облыстың барлық денсаулық сақтау кәсіпорындары мен мекемелері үшін міндетті болып табылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері негізінде және орындау үшін бұйрықтар, өкімдер шығарады;

3).Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімінің басқарушы орынбасарының келісімімен мекемеге қарасты медициналық ұйымдардың және медициналық колледждердің басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мекемеге қарасты  ұйымдардың басшыларының орынбасарларын, бас есепшілерді қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

5)..Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен басқарманың қызметкерлерін және мекеменің қарамағындағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын (басшылардың орынбасарларын және бас есепшілерді) тәртіптік жазаға тартады;

         6).Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының құрылымдық бөлімшелері мен мамандардың лауазымдық нұсқаулары (қызметтік міндеттері) туралы ережені бекітеді;

         7) Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасын меншік түрлеріне қарамастан, мемлекеттік органдарда, мекемелерде және ұйымдарда, басқа кәсіпорындарда және ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;

         8).Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды;

         9) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         «Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы жоқ кезде оның өкілеттілігін орындау  қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастырушы тұлғамен іске асырылады.

         22..Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттігін  қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

        

 

4. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

23. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының мүлкі оған  мемлекеттен берілген мүлік есебінен құрылады, негізгі қорлардан және айналымдағы қаржылардан, сондай-ақ мекеменің балансына құны әсер ететін басқа да мүліктерден және өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті  және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

 

          26. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

6. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

          27..Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес  жүзеге асырылады.

 

 

7. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы»

 мемлекеттік мекемесінің  қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 

         1) Алматы облысы әкімдігінің  «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

    2).Алматы облысы әкімдігінің  «Алматы  облысының  денсаулық  сақтау    басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

    3).Алматы  облысы  әкімдігінің  «Алматы  облысының   денсаулық  сақтау

  басқармасы»        мемлекеттік      мекемесінің    «Балқаш   аудандық      орталық

  ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық   кәсіпорны;

           4).Алматы  облысы  әкімдігінің  «Алматы  облысының   денсаулық  сақтау

  басқармасы»   мемлекеттік   мекемесінің   шаруашылық  жүргізу  құқығындағы

  «Еңбекшіқазақ аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

    5).Алматы облысы әкімдігінің  «Алматы  облысының  денсаулық  сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

    6)  Алматы  облысы  әкімдігінің  «Алматы  облысының  денсаулық  сақтау

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

         7).Алматы облысы әкімдігінің  «Алматы  облысының  денсаулық  сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

    8) Алматы облысы әкімдігінің   «Алматы  облысының   денсаулық   сақтау

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

          9)  Алматы облысы әкімдігінің  «Алматы  облысының   денсаулық  сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Іле аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

          10).Алматы облысы әкімдігінің  «Алматы  облысының   денсаулық  сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы аймақтық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

11) Алматы облысы әкімдігінің  «Алматы  облысының  денсаулық  сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарасай аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

          12) Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының  денсаулық  сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

          13).«Қаратал аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны;

          14) Алматы облысы әкімдігінің «Алматы  облысының  денсаулық  сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

     15) Алматы облысы әкімдігінің  «Алматы  облысының  денсаулық сақтау  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

          16).«Панфилов аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

          17).«Панфилов аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

          18).«Панфилов ауданының Жаркент қ. перзентхана үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

          19) Алматы облысы әкімдігінің «Алматы  облысының  денсаулық  сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

          20).Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

          21) «Талғар ауданының аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

          22).«Талғар ауданының аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

23).Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

24) Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қапшағай қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

25) Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қапшағай қалалық  ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

          26).«Текелі қ. қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

          27) Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының   әкімінің  денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

          28) Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

29).«Талдықорған қ. облыстық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

30).Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы « Облыстық кардиологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

         31) Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық онкологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

32) «Талдықорған қ. облыстық наркологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

33).«Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

34) «Талдықорған қ. облыстық қан орталығы» мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны;

35) Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Талдықорған қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

36).Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Талдықорған қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

37) Алматы   облысының   әкімінің денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің  «Облыстық стоматологиялық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

38).«Талдықорған қ. қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

39).«Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

40).Талдықорған қ. «Қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

41).Талдықорған қ. «Әйелдер консультациясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

42) «Талдықорған қ. медициналық колледжі» мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны;

43) «Алматы   облысы   әкімдігінің  Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

44).Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Алматы аймақтық онкологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

45).Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы      облысының     денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

46).«Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

47).«Алматы аймақтық қан орталығы» мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны;

48).«Талғар қ. медициналық колледжі» мемлекеттік қазыналық   кәсіпорны;

49).«Еңбекшіқазақ ауданының Есік қ. перзентхана үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

50).Ақсу ауданының Қапал ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

         51) Алакөл ауданының Қабанбай ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

52).Алакөл ауданының Достық ст. «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

53).Балқаш ауданының Қарой ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

         54).Балқаш ауданының Құйған ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

55).Балқаш ауданының Бақбақты ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

56).Жамбыл ауданының Қарғалы ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

         57).Жамбыл ауданының Қазбек Бек ст. «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

58).Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

59).Райымбек ауданының Жалаңаш ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

60) Райымбек ауданының Нарынқол ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

         61).Райымбек ауданының Сүмбе ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

         62).Ұйғыр ауданының Кетмен ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

         63).Ұйғыр ауданының Шарын ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

64).Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

65).Еңбекшіқазақ     ауданының     Маловодное     ауылының     «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

     66).Қаратал   ауданының   Алмалы    ауылының   «Ауылдық  ауруханасы»

мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

67).Қарасай ауданының Таусамалы ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

         68).Алматы   облысы   әкімдігінің  «Алматы облысы әкімінің    денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  Қарасай ауданы «Үшқоңыр ауылының көпсалалы ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

69).Қарасай ауданының Шамалған ст. «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

70).Панфилов ауданының Көктал ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

71).Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

72).Талғар ауданының Панфилов ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

73).Талғар ауданының Нұра ауылының «Ауылдық  ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

74).Іле ауданының Боралдай ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

75).Іле ауданының Жетіген ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

76).Іле ауданының Ақши ауылының «Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

77).Сарқан ауданының «Лепсі а. Ауылдық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

 

8. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

 

1)    Алакөл  ауданының «Қабанбай а. туберкулез ауруханасы» мемлекеттік

мекемесі;

    2) Балқаш ауданы     Бақанас    ауылындағы    «Ауданаралық  туберкулезге

қарсы аурухана»  мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі;

         3) Есік қ. «Сәбилер үйі» мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі;

4)    «Шелек а.  Облыстық   мамандандырылған  сәбилер  үйі»   мемлекеттік

мемлекеттік  денсаулық сақтау мекемесі;

         5).«Шелек а. туберкулез ауруханасы» мемлекеттік мекемесі;

         6).«Жамбыл туберкулез ауруханасы» мемлекеттік мекемесі;

         7).«Алматы      облысының     «Қара-Қастек»    сәбилер  үйі»    мемлекеттік

мекемесі;

         8).«Іле туберкулез ауруханасы»  мемлекеттік  денсаулық сақтау мекемесі;

9).«Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі;

         10).«Жаркент  туберкулез ауруханасы» мемлекеттік  мекемесі;

         11).«Сарқан туберкулез ауруханасы» мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі;

         12).Талдықорған қ. «Облыстық туберкулез диспансері» мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі;

13).«Талдықорған аймақтық психоневрологиялық диспансері» мемлекеттік мекемесі;

14).«Талдықорған қ. аймақтық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік  мекемесі;

15).«Талдықорған қ. облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі;

16).«Талдықорған  туберкулезге  қарсы  балалар санаторийі»  мемлекеттік

денсаулық сақтау мекемесі;

17).«Талдықорған қ. облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі;

18).«Алматы  аймақтық  туберкулез диспансері»  мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі;

19).«Алматы облыстық психикалық денсаулық және наркологиялық ауруларды емдеу Орталығы» мемлекеттік мекемесі;

20) «Алматы облыстық ЖИТС-ның (СПИД) алдын-алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік мекемесі;

21).«Шымбұлақ»   туберкулезге  қарсы  балалар санаторийі»   мемлекеттік мекемесі.

 

 

 

                                       _______________________________

 

Система Orphus